Маңғыстаулықтар белсенді түрде дауыс беріп жатыр
Ақтау тұрғындары да таңсәріден бері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатыр.
Дауыс берушілер қатарында қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, спортшылар да бар. Аймақта 267 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-де жұмысын бастады. Оның 255-і азаматтардың тіркелген мекенжайлары бойынша орналасса, 12 уақытша учаске емдеу мекемелері, әскери бөлімдер, мұнай-газ кен орындарында ашылды. Жалпы өңірде 457 мыңнан астам дауыс беруші тіркелген.
Азамат Сәрсенбаев, Ақтау қаласының тұрғыны:
Өз азаматтық борышымды өтеуге келдім дауыс беру арқылы. Себебі енді осындай шаралар бізде күн сайын өтпейді. Қазақстан азаматы ретінде осындай шараларға белсенді қатысқан жөн деп ойлаймын. . Елімізде бейбітшілік болсын деп... Тып-тыныш өмір сүріп жүргенімізге не жетсін қазір көзіміз жетіп жатыр, қоғамның да көзі жетіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы