Перзентханадағы аналар дауыс берді
Алматыдағы әрбір төртінші сәби дүниеге келетін перзентханада жатқан әйелдер де алғашқылардың бірі болып ел үшін маңызды шараға қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Дауыс беру мүмкіндігі медициналық мекемеде азаматтарға барлық жағдай қарастырылған. Дәл қазір әріптесім Айдана Қуантхан сол жерден тікелей эфирге қосылуға әзір. Айдана, қайырлы таң! Перзентханадағы дауыс беру барысы қалай? Аналарға қандай жағдай жасалған?
Айдана Қуантхан, тілші:
Қайырлы таң! Иә, таңғы жетіде перзентханада орналасқан №311 жабық сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Мұнда 100 әйел дәрігерлер бақылауында. Оның 30-ға жуығы бүгін түнде перзентін дүниеге әкелген. Ал бүгін комиссия мүшелері аналардың дауыс беруіне барлық мүмкіндік жасап отыр. Мұндағы атмосфера да өзгеше. Қазір менің қасымда кеше ғана сәбиін дүниеге әкелген Перизат ханым тұр!
Перизат Әжібекова, қала тұрғыны:
Айдана Қуантхан, тілші:
Сұхбатыңызға рахмет! Ия, перзентханада дауыс беруге құқығы бар әр адам өз таңдауын жасады. Біз тұрған учаскедегі жағдай осы. Әріптес, сөз кезегі өзіңізде!
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16