16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон басталды
Дәл қазір ҚазМедиа орталығында Құрылтай сайлауына орай ұйымдастырылған жалпыұлттық онлайн-марафон басталды. Қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, сарапшылар мен спортшылар және өнер жұлдыздары өзекті тақырыптарды ортаға салмақ. 1-ші қабаттағы марафон алаңынан тікелей қосылымға шыққан тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес айтып берсін. Нұрсұлтан, сіз байланыстасыз...
Нұрсұлтан
Тілектес, тілші:
Иә, міне көріп тұрғандарыңыздай жалпыұлттық онлайн-марафон басталып жатыр. Ауқымды шараға қатысатындар келіп өз орындарына жайғасып жатыр. Бүгін қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, сарапшылар мен спортшылар және өнер жұлдыздары қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени тақырыптар бойынша ой бөліседі. Одан бөлек Touch Screen арқылы еліміздің даму көрсеткіштеріне қатысты статистика мен рейтингтер көрсетіледі. Викторина мен ойын-сауық бағдарламалар да қарастырылған. Әр екі сағат сайын меншікті тілшілер шетелдегі дауыс беру нәтижелерін баяндайды. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы ресми ақпараттарды жариялап отырады. Жетістікке жеткен тұлғалар мотивациялық дәрістер оқиды. Тілшілер Астана, Алматы және Шымкен сынды мегаполистердің тыныс-тірлішігін көрсетіп, өңірлердегі қарқынды құрылыс жайын баяндайды. Марафон 16 сағатқа созылады. Біз осы алаңнан сағат сайын Сіздерге қосылып ақпарат таратамыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мажарстанда қазақ киносының күндері өтті
20.10.2026, 10:10
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
20.10.2026, 10:09
«Құрылтай феномені» кітабы таныстырылды
20.10.2026, 10:09
Атбасардың жылу инфрақұрылымы жаңартылып жатыр
20.10.2026, 10:08
Сапасы төмен бензин өндіруге рұқсат берілді
20.10.2026, 10:07
Украина бойынша саммит өткізу мәселесі талқыланып жатыр
20.10.2026, 10:06
Францияның бірнеше қаласында коменданттық сағат жарияланды
20.10.2026, 10:04
IT бағдарламалар экспорты 1,140 млрд доллардан асты
20.10.2026, 10:03