Барнаулға ұшақ апатты жағдайда қонды
Ресейдің Барнаул қаласында ұшақтың апатты жағдайда қонуы салдарынан 50-ден астам адам жараланды.
Boeing 767-300 маркалы лайнер Вьетнамның Камрань қаласынан жеткен. Әуежайға қону барысында оның шасси тағаны тұтанды. Түтінді көре сала, борттағы 334 жолаушы үрейі ұшып, есікке лап қойған. Байбалам кезінде 56 жолаушы әртүрлі жарақаттармен медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды. Дәрігердің тексеруінен кейін олар босатылып, тек бір әйел ғана ауруханаға жатқызылған.
Өрт 20 минут ішінде толықтай сөндірілді. Ал апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір тергеу комитеті оқиға бойынша іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстаулықтар белсенді түрде дауыс беріп жатыр
23.08.2026, 09:40
Перзентханадағы аналар дауыс берді
23.08.2026, 09:01
«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай дауыс берді
23.08.2026, 09:01
СІМ: Шетелдерде 228 отандасымыз дауыс берді
23.08.2026, 09:00
Құрылтай сайлауы - Президент реформаларының кешенді жалғасы
23.08.2026, 08:59
Құрылтай депутаттарының сайлауы
23.08.2026, 08:59
16 сағаттық жалпыұлттық онлайн-марафон басталды
23.08.2026, 08:57
Дауыс берушілер саны қанша?
23.08.2026, 08:37