Америкалық ғалымдар Түркістанның туризмін дамытуға атсалыспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық ғалымдар Түркістанның туризмін дамытуға атсалыспақ

26.09.2019

АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінің профессоры, «Халықаралық туризмді зерттеу» институтының директоры шежірелі шаһарға арнайы келді. Ол саланы іргерілетудің әлемдік трендтерін, әдіс-тәсілдерін, халықаралық стандарттарын түсіндіріп берді. 

Айта кетейік, Түркістанда 1200-ге тарта тарихи ескерткіш, ерекше қорғалатын 4 табиғи аумақ бар. Шипажайлар қаншама. Шетелдік профессор, Халықаралық қазақ-түрік университетінің туризм мамандығында оқитын 150-ден астам студентіне дәріс беріп қана қоймай, Түркістан туризмін түлетер жаңа бағдарлама әзірлемек. Бұған дейін Түркияның ең озық қонақүйлерінде өндірістік-практикалық тәжірибеден өткен шәкірттердің бірқатары енді Вашингтон университетіне білімімін ұштап қайтуы да мүмкін.

Болатбек Әбдірасылов, Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры: 

Олар - дүниежүзіне белгілі сарапшылар. Сол себепті келіп, туристік потенциалымызды зерттеп, мүмкін болашақта біздің тарихымызбен айналысатын, біздің тарихымызға қызығатын АҚШ азаматтары да келетін шығар деген ой бар. 

Гүлжазира Ғалиқызы


Хабарламаларға жазылу