Атыраулық жастар өңір туризмін дамытуға атсалысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулық жастар өңір туризмін дамытуға атсалысады

04.06.2018

Бештау баурайында демалған белсенді жастар мұнда тренингтерге қатысып, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Әсіресе, ішкі туризмді дамытуға бағытталған «тур.инфо.кз», «квест қала жобасы», «бақыт саябағы» секілді жобалар қазылардың көңілінен шықты. Іріктелген 12 тың жоба енді өңірде жүзеге асады. Оларды іске асыруға жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетеді.  

Олжас Сүлейменов, Дін істері және азаматтық қоғам министрінің штаттан тыс кеңесшісі:

- Жақсы жобалар талқыланып отыр. «Тур.инфо.кз» жобасы ұнады. Бұл Қазақстан ішіндегі, сыртқы туризмнің дамуына септігін тигізеді. Шыны керек, қазір шет түгілі елімізде қандай демалатын орындар бар екенін білмейміз. Ақпарат жетіспейді. Өзіме ұнаған 1-2 жобаны таңдап алдым. Соларға ментор боламын деп ниеттеніп отырмын. 

Хабарламаларға жазылу