Елімізде оңалту орталықтары тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде оңалту орталықтары тапшы

26.09.2019

Қазақстанда ауыр дертке шалдыққан балаларға психологиялық, әлеуметтік көмек көрсететін оңалту орталықтары жоқтың қасы. Ал елімізде онкологиялық және бүйрек, бауыр жетіспеушілігі сынды аурулармен күресіп жатқан балалардың саны азаяр емес. Стационарлық ем алып шыққаннан кейін олармен жұмыс істейтін кадр жоқ, тиісті медициналық аппараттардың тапшылығы тағы бар. Елордада осы тақырып төңірегіндегі түйткілдер халықаралық конференция аясында талқыланды. 

Қазақстандық мамандар ресейлік әріптестерінің тәжірибесін тыңдап, болашақта өзімізде енгізуді жоспарлап отыр. Өйткені қазіргі таңда Қазақстанда 86 мыңнан астам баланың мүмкіндігі шектеулі. Диагностика жақсарған сайын, қатерлі дерттің алғашқы кезеңдерінде анықтауға қол жеткен. Алайда оны дер кезінде емдеп, ауруынан құлантаза айығу үшін оңалту орталықтарының рөлі зор. 

Ләйлә Түсіпбаева, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының сектор мегерушісі:   

Оңалту орталықтары жоқ, мамандар да жоқ деп айтуға болады.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу