Асқар Мамин Байқоңырға жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин Байқоңырға жұмыс сапарымен барды

26.09.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин Байқоңырға жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы жобалардың іске асырылу жағдайымен танысты. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды. 

Сапар барысында Үкімет басшысы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ресей президенті Владимир Путин «Бәйтерек» жобасын «Назарбаев старты» деп қайта атауды, оны тиімді іске асыру үшін «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын ұшыру үшін бірегей стартты қарастыруды ұсынған еді.   

Саламат Омаш


Хабарламаларға жазылу