Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының төрағасы Талат Джаферимен кездесті. Біздің еліміз Солтүстік Македониямен ынтымақты нығайтуға ынталы екенін айтқан спикер сауда-экономикалық, ауылшаруашылығы, мәдени-гуманитарлық салада әріптестікті жандандыру қажеттігін айтты. Тараптар, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдері арасында парламенттік диалогты дамытуға тың серпін берген. Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі туралы ой бөлісті. Солтүстік Македония өкілі форумның өте жоғары деңгейде өткенін айтып, ризашылық білдірді. Нұрлан Нығматулин мен Талат Джафери Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті сұрақтарын да талқылады.
Индира БЕГАЙДАР