Түркістанда WORLD SKILLS чемпионатына іріктеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда WORLD SKILLS чемпионатына іріктеу басталды

24.09.2019

Оған облыстағы кәсіби техникалық білім беретін 22 мемлекеттік колледж студенттері қатысып жатыр. Аталған бағдарлама негізінде ұстаздар да семинар сабақтарда қабілетін ұштамақ. Әзірге «тігін өндірісі және киімді үлгілеу» бойынша үздіктер іріктелуде. Олар эскиз сызу, оны матаға салып пішу, киім тігу секілді бірнеше сыннан өтеді. Шеберлігін көрсетіп, қара үзіп шыққандары ел астанасында өтетін республикалық байқауға барады. Одан өтсе, шетелде өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады. Осылайша, шәкірт баптап, бәйгеге қосқан оқу орындары 300 мың доллар көлемінде грант жеңіп алуына болады. Айте кетейік, WORLD SKILLS чемпионаты - жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеріп, шығармашылық жағынан ширату үшін әлемнің 80 елінде ұйымдастыралатын әлемдік жоба.  

Гүлжан Омарбекова, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы:

Осы жерде барлық тренингтер, сабақтар, шеберлік сыныптары өткізіледі. Біздің цехтарымыздың мүмкіндігі бар, жабдықтары талаптарға сай болған соң, осы жерді орталық қып алып, оқытушыларымызға көрсетіп жатырмыз. 

Хабарламаларға жазылу