Атырауда облыстық «World Skills Atyrau -2018» чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда облыстық «World Skills Atyrau -2018» чемпионаты басталды

28.03.2018

Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында Атырауда облыстық «World Skills Atyrau -2018» чемпионаты басталды. Байқауда 20 оқу орнынан келген 84 қатысушы өз біліктіліктерін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Олар 18 бағыт бойынша сынға түсіп, тапсырмаларды орындау керек. Облыстық чемпионаттан жүлделі орын иеленген студенттер Ақтөбе қаласында өтетін аймақтық сайысқа, кейін Астанадағы Ұлттық чемпионатқа жолдама алады. Осы кезеңдерден оза шапқан кіл жүйрік Мажарстан елінің бас қаласы Будапештте халықаралық додада бақ сынайды. 

Әсел Сәрсенбайқызы, студент:

- «World Skills» байқауына бірінші рет қатысып отырмын. Осы байқауда жеңіп, республикалық мәреге дейін өзімді көрсетіп, биіктерден көрінгім келеді.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу