Қазақстан-Финляндия ойыны бірнеше минут бұрын басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Финляндия ойыны бірнеше минут бұрын басталды

07.09.2023

Қазақстан-Финляндия ойыны бірнеше минут бұрын басталды. Дәл қазір Астана-Арена стадионында ине шаншар орын жоқ.

Біздің ұлттық құрама үшін бұл тарихи мач. Қос команда 9 ұпаймен еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің H тобында көш басында келеді. Қарсыластар да осал емес. Фин құрамасы ФИФА рейтингінде 55-орында. Дегенмен, бірнеше сағат бұрын жиналған жанкүйерлер жерлестерімізге қолдау көрсетіп, жеңіс біздікі боларына сенім білдіріп жатыр.

Хабарламаларға жазылу