Өскеменде қоқыс полигоны өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қоқыс полигоны өртеніп жатыр

24.09.2019

Қаланың іргесінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар алаңында өрт кеше түнде басталып, осы уақытқа дейін 1 гектар аумаққа жайылған. Қазір бұл жерде 30-дан астам арнайы техника және 100-ге жуық өрт сөндіруші жұмыс істеуде. Облыс орталығындағы қоқыс полигоны тамыз айының ортасында да жанып, қала тұрғындары бір апта бойы көк түтінге тұншыққан. Мамандардың айтуынша, өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел кедергі келтіріп тұр. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Осы жағдай бойынша қалалық әкімдікте арнайы штаб құрылды. 

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу