Елбасы бірқатар кездесулер өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы бірқатар кездесулер өткізді

19.02.2020

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысымен кездесіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндамасын тыңдады. Асқар Мамин тікелей шетелдік инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шаралары жөнінде есеп берді. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы да Елбасы қабылдауында болып, Ұлттық қордың ахуалы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар «Бес әлеуметтік бастама», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының іске асу барысы айтылды.

Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу