Қоқыс полигондары өртеніп, халықтың берекесі қашты
Орал қаласында қоқыс полигоны үздіксіз жанып жатыр. Көк түтінге тұншыққан жұрттың әбден берекесі қашты. Тұрмыстық қатты қалдықтар алаңы қаладан небәрі 3-ақ шақырым жерде орналасқан. Шыдамы таусылған халық қала әкімімен кездесіп, полигонды тез арада жабуды талап етті. Негізі түтіннің бұрқырап жатқанына 5 жыл. «Өртенген күл-қоқысты сөндіреміз, биогаз өндіреміз» деп, бірнеше кәсіпорын бастап көрген. Бірақ ұқсата алмады. Лық толған полигон сол күйі бықсып жатыр. Жалпы батыстағы қалалар қоқысқа батқандай. Облыстағы Ақсай қаласының көшелері де күл-қоқыстан көз ашпай қалды. Іргесінде атақты Қарашығанақ кен орны орналасқан, 40 мыңнан аса тұрғыны бар моноқаланың билігі жағдайды реттей алмай отыр. Ақтөбеде де бір жылдан асты, сол жағдай.
Тақырыптың бір тармағы — қалдықты сорттап тастамайтынымыз, одан әрі өндірістік көлемде сұрыптап, қайта өңдемейтініміз жайлы, қоқыс полигондарының стандартқа сай келмейтіні туралы талай текст жаздық, «мидағы қоқысты тазартпай, болмайды-ау» деп аяқтайтынбыз...
Тұтынған қызметтің ақысын төлеу міндетіне атүсті қарау мен коммуналдық шаруашылықтардың тұралағанына дейін жалғасатын проблеманы Орал мен Ақтөбе мысалында Ардақ Мұратқызы баяндайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тегін дәрі-дәрмектер заңсыз сатылған
17.04.2026, 20:16
Жедел жәрдемнің қозғалысын картадан бақылауға болады
17.04.2026, 20:16
Ақтөбеде 19 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды
17.04.2026, 20:15
ТМД Сыртқы істер министрлері кездесті
17.04.2026, 20:13
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
17.04.2026, 20:10
«Superstar Kz» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 20:08
Израиль мен Ливан атысты 10 күнге тоқтатты
17.04.2026, 20:08