Елімізде техногендік сипаттағы болуы мүмкін апаттар туралы алдын-ала дабыл қағыла ма?
Қарағанды облысындағы Атасу кенті мен Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдың арасын темір жол бөліп жатыр. Осы аралықтан күнде жүздеген адам жаяу қатынайды. Көпір салынбағандықтан, тұрғындар шойын жолдан жанын шүберекке түйіп өтуге мәжбүр. Әсіресе аудан орталығындағы мектепке баратын баласы үшін жұрт қатты алаңдайды. Кейде қаз-қатар тізілген вагондар станцияда сағаттап тұруы мүмкін. Ондай кезде шаруасына асыққан тұрғындардың вагонның астынан өтуден басқа амалы жоқ. Жергілікті халықтың айтуынша, осы күнге дейін теміржолдан ондаған адам жарақат алып, көпшілігі мүгедек болып қалған.
Елімізде техногендік сипаттағы болуы мүмкін апаттар туралы алдын-ала дабыл қағыла ма? Бас прокурордың орынбасарынан сұрап едік, «иә» деді. «Алматы облысында апат болған жер туралы да алдын-ала ескерткенбіз»,-дейді. Демек, атқарушы билік апаттардың алдын-алуға асықпайды, аса мән бермейді. Соңында «пеш жағушы» кінәлі болып шығып жатады.
Қарағанды облысы Шахан кентінде 5 қабатты үйдің жылыту қазандығы жарылып, 9 адам мерт болғанда құрылған комиссия апатқа сол үйдің пеш жағушысын кінәлі деп тапқаны мәлім. Ол жоғалып кетіп, кейін үсік шалған мәйіті даладан табылған. Айтпақшы, Шаханда қалалық қазандық салынып жатыр. 10 адам құрбан болған оқиғадан кейін...
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18