Либерияда мектепте өрттен 27 бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Либерияда мектепте өрттен 27 бала қаза тапты

19.09.2019

Либериядағы медреседе болған алапат өрттен кемінде 27 бала қаза тапты. Екі оқушы дереу ауруханаға жеткізілген. Жергілікті полицияның айтуынша, оттың тұтануына электр сымдарындағы ақау себепші. Жалын лап ете қалғанда балалар Құран үйреніп отырған. 

Трагедия ел астанасы Монровияның шетінде болды. Қазір қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр. Мұны ел президенті Джордж Веа «Твиттер» арқылы мәлімдеді. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Либерияның ірі қалаларында электр жүйесіндегі кемшіліктерге байланысты мұндай өрттер жиі болып тұрады. Бірақ, олардан көп адамның қырылуы сирек кездесетін оқиға.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу