Үндістанда туристік қайық аударылып, 12 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда туристік қайық аударылып, 12 адам қаза тапты

16.09.2019

Үндістанның оңтүстігіндегі Годавари өзенінде туристік қайық аударылып, кемінде 12 адам қаза тапты. Тағы 25 шақтысы жоғалып кетті. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады. 

Экскурсиялық су көлігінің бортында 61 адам болған. Оның 11-і - экипаж мүшесі. Апаттан кейін құтқарушылар 24 жолаушыны аман алып қалды. Қазір жоғалған саяхатшыларды іздестіру үшін тікұшақ жұмылдырылып, құтқару операциялары жалғасып жатыр. 

Қайғылы жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті билік болса, жақында болған тасқынға байланысты өзенде қайықпен жүзуге тыйым салынған деп отыр. Дегенмен, бұл – туристік бизнес өкілдері үшін тосқауыл болмаса керек.

Оқиғаға қатысты ел премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу