Францияда жаңа зейнетақы реформасына наразылыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда жаңа зейнетақы реформасына наразылыққа шықты

13.09.2019

Франция астанасы Парижде жаңа зейнетақы реформасына қарсы қоғамдық көлік қызметкерлері ереуілге шығып, 10 негізгі метро желісі жабылды. Қалған станцияларда пойыздар өте сирек қатынағандықтан, жолдарда кептеліс болып, автобустар жолаушыларға лық толды. Бұған – үкіметтің зейнеткерлік жүйесіне өзгерістер енгізу туралы жоспары себепші. 

Билік болса, зейнетке шығу жасын арттырмайтынына уәде берген. Дегенмен, оппозицияның айтуынша, үкімет адамдардың жасын ғана емес, сонымен қатар еңбек өтілін де есепке алмақ. Халықты алаңдататыны да осы. Себебі, жоғарғы білім алғандар оқуға байланысты жұмыс істеуге кешірек кіріседі. Сондықтан, орта білімділер жоғарғы оқу орнын тәмәмдағандарға қарағанда зейнетке ерте шығып, қоғамның бір бөлігі заңдық кемсітушілікке ұшырайды деген шағымдар айтылып отыр. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу