«Toyota Motor» күн сәулесімен жүретін көлік шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Toyota Motor» күн сәулесімен жүретін көлік шығармақ

12.09.2019

Жапонияда «Toyota Motor» компаниясы күн сәулесімен жүретін машинаны сынақтан өткізіп жатыр. «Prius» деп аталатын көліктің төбесіне, капотына, артқы есіктеріне күн батареялары орнатылған. Сонымен қатар, машинаның жүксалғышы да 80 килограмдық батареяға толы. Олардың ерекшелігі сол - күн қуаты машина тоқтап тұрғанда ғана емес, жүргенде де жинақталады. 

Осылайша, ашық, шуақты күндері Prius 56 шақырымға дейін жол жүре алады. Алайда, бұлтты немесе тым ыстық күндері оның күн панельдерінің өнімділігі баяулап, көліктің жүрісі бәсеңдейді. Егер бұл тәжірибе сәтті өтсе, болашақта электр қуатын қажет етпейтін, ұзақ қашықтыққа жүре алатын автомобиль түрі пайда болмақ. Оның бағасы әзірге белгісіз. Дегенмен, «Тойота» басшылығы «технология құнын азайту - оны сатылымға шығару алдындағы үлкен проблема» деп мәлімдеді. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу