Ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндік: Бүгінгі таңда «Balapan» арнасының Youtube-тағы қаралымдарының саны жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндік: Бүгінгі таңда «Balapan» арнасының Youtube-тағы қаралымдарының саны жоғары

11.09.2019
Ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндік: Бүгінгі таңда «Balapan» арнасының Youtube-тағы қаралымдарының саны жоғары

Салалық телеарналардың мәселесі көтерілген Astana Media Week шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндік кейінгі жылдары мақсатты аудиториясы өсіп келе жатқан отандық арналарды атады. 

«2010 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша министрліктің қолдауымен «Balapan» телеарнасы ашылды. Ол кезде телеарнаның көрермені аз еді. Қазір жағдай басқа. Бүгінгі таңда «Balapan» телеарнасының Youtube арнасындағы қаралымдарының саны жоғары. Арна контентті қазақ тілінде, белсенді жүргізіп отыр», - деді Ләззат Сүйіндік. 

Сондай-ақ, комиет төрайымы арна аудиториясының жыл санап артып келе жатқанын айтты. 

«Бүгінгі таңда елімізде «Balapan», «Qazsport» телеарналарының аудиториясы жыл санап көбеюде. Одан бөлек, «Tamasha TV» телеарнасының ашылғанын білесіздер. Яғни, Қазақстанда салалық телеарналардың сұранысқа ие болып жатқанын байқап отырмыз», - деді ол. 

Еске сала кетсек, елордадағы «Қазмедиа» орталығында үш күнге созылатын Орталық Азиядағы ең ірі медиа-оқиға - Astana Media Week өтіп жатыр. Жиынның алғашқыкүні сериалдық өнімдерді әзірлеу мен сыртқы нарыққа шығару, сондай-ақ, салалық телеарналар мәселелері көтерілуде. 


Хабарламаларға жазылу