Әзірбайжан мемлекеттік телеарнасының өкілдері «Қазақстан» телерадиокорпорациясына келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан мемлекеттік телеарнасының өкілдері «Қазақстан» телерадиокорпорациясына келді

15.09.2021

17-ші Еуразиялық медиа форум аясында Әзірбайжан мемлекеттік телеарнасының өкілдері «Қазақстан» телерадио корпорациясына келді. Екі елдің телеарналары арасындағы ынтымақтастық аясында бүгінде Әзірбайжанның «AZ TV», «Mədəniyyət» арналарында теле радио корпорация өндірген «Шебер», «Дәуір даналары», «Күміс көмей» бағдарламалары көрсетіліп келеді. Әзірбайжандықтар кездесуде «Balapan» телеарнасының анимация саласындағы мүмкіндіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта осы салада шығармашылық байланыс орнатуға, түркі елдеріне ортақ мультфипликация кейіпкерін ойлап табу туралы ұсыныстарын айтты.

Қонақтар «Ашық алаң», «Теледәрігер», «Ақпарат» жаңалықтар қызметінің жұмысымен де танысты. Сонымен бірге Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған түркітілдес елдермен бірлескен «Қорқыт ата» телехикаясының түсіріліміне атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді. Әзірбайжан тарапы бүгін медиафорум аясында өткен «Түркітілдес елдердің Бұқаралық Ақпарат Құралдары. Қазіргідей жағдайда ынтымақтастықты дамыту» дөңгелек үстеліне қатысты. Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың мәдени-тарихи телевизиялық жобаларға арналған онлайн платформа құру және түркітілдес елдер Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекеттік телеарналар арасында телекөпір ұйымдастыру ұсынысына қолдау білдірді.  

Ламбриан Топузидиc

Хабарламаларға жазылу