Елордада Astana Media Week апталығы өтіп жатыр

11.09.2019
Елордада Astana Media Week апталығы өтіп жатыр

Медиа апталықта қазақстандық және шетелдік топ-менеджерлер продакшн компаниялармен бірлесіп, үш күн қатарынан медиаиндустриядағы өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары мен семинарлар, воркшоптар мен пікірталастар өткізеді. 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Astana Media Week апталығын ашып, Орталық Азиядағы ең ауқымды басқосудың отандық медиа саласын дамытуға қосатын үлесі жоғары болатынына сенім білдірді.

«Astana Media Week диалог алаңының мақсаты - ел тұрғындарының медиасауаттылығын арттыру, медиамәдениетті қалыптастыру. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі масс-медианың сапасын арттыратын кез келген бастаманы қолдауға әрқашан дайын», - деді министр.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу