Гонконгте жексенбілік шеру кезінде 154 адам тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гонконгте жексенбілік шеру кезінде 154 адам тұтқындалды

09.09.2019

Гонконгта демонстранттар АҚШ президенті Дональд Трамптан көмек сұрады. Америка консулдығы алдына жиналған олар Ақ үй басшысын қалада демократия орнатып, өздерін Қытай билігінен босатуға шақырды. 

Бұдан кейін шерушілер орталық алаңға бет алған. Олар көшелерде баррикадалар тұрғызып, ғимараттардың әйнегін шағып, от қойды. Осылайша, наразылық акциясы қақтығысқа ұласып, тәртіп сақшыларына көз жасаурататын газ қолдануға тура келген. Нәижесінде 157 адам тұтқындалды.

Айта кетсек, Гонконгта жаппай демонстрациялар үшінші айға жалғасты. Дау тудырған экстрадиция туралы заңның күші өткен аптада тоқтатылған еді. Дегенмен, енді наразы халық демократиялық реформалардың жүргізілуін, әкімшілік басшысы Кэрри Ламның қызметтен кетуін және де полицияның озбырлығына қарсы тергеу жүргізуді талап етіп отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу