Токиода «Факсай» тайфунынан бір адам қаза тапты
Жапония астанасы Токиоға соққы берген «Факсай» тайфунынан бір адам қаза тауып, 20 шақтысы жараланды. Жылдамдығы сағатына 216 шақырымға жеткен дүлей дауыл қаланы қиратып, электр сымдарын үзіп әкеткен. Салдарынан 930 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Қолайсыз ауа райына байланысты 130-дан астам әуе рейсі доғарылып, теміржол қатынасы бірнеше сағатқа тоқтады. Бұл – 36 миллион тұрғыны бар ел астанасының жұмысына зор нұқсан келтірді. Сонымен қатар, нөсер жауыннан жергілікті өзеннің арнасынан тасу қаупі төніп, адамдарға далаға шықпау ескертілді.
«Факсай» – Жапонияға жыл басынан бері соққы берген 15-ші тайфун. Қазір ол сағатына 25 шақырымға дейін бәсеңдеп, Тынық мұхитқа қарай жылжып барады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Онлайн марафонда ел тәуелсіздігінің 35 жылдық даму жолы сараланып жатыр
23.08.2026, 11:09
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі
23.08.2026, 11:07
Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды
23.08.2026, 11:06
Қорғаныс министрі дауыс берді
23.08.2026, 11:05
Қазақстан халық партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 11:05
Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі дауыс берді
23.08.2026, 11:04
Премьер-министр Олжас Бектенов дауыс берді
23.08.2026, 11:04
Онлайн марафон жалғасып жатыр
23.08.2026, 10:04