Елорда маңындағы жасанды су айдынында шомылуға болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңындағы жасанды су айдынында шомылуға болмайды

06.09.2019
Елорда маңындағы жасанды су айдынында шомылуға болмайды

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Жасанды су айдыны Нұр-Сұлтан қаласынан 3 шақырым қашықтықта, Нұр-Сұлтан-Көкшетау айналма жолында орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласының экология департаментінің мамандары су айдынына барып қайтқан. Департаменттің зертханалық-сараптамалық бақылау бөлімі сынама алып, нәтижесінде оттегінің химиялық шығынының (ОХШ) көп мөлшерде бары анықталған. Карьер 2013 жылдан бастап жұмыс істемейді. Жасанды су айдынының пайда болуы да сондықтан. Жасанды карьерден 3 шақырым радиуста өндірістік және тұрғын үй нысандары жоқ. Силикат кірпіштің қалдықтары да табылмады. Ағынды сулар резервуарға төгілмейді. Алайда құрылыс қоқыстарын рұқсатсыз тастау деректері анықталды. Каолин карьері каолин деген ақ саздың ерекше түрін өндіру үшін құрылған. Бұл су айдынында шомылуға болмайды. Өйткені мұнда өндірілген каолин өте улы әрі адам денсаулығына қауіпті. Сондай-ақ, су айдынында адамның аяғын тартып әкететін саз-балшық та қауіп тудырады. Ал суға көгілдір түс беретін зат - монмориллонит (нонтронит). Суда бұл саз ерімейді, бірақ ол суды бояйтын жұқа жүзіннің пайда болуына сеп болады. Жасанды су айдыны жерасты сумен шайылады. Ондағы судың үнемі көгілдір болатынын да сондықтан», - делінген ақпаратта.


Хабарламаларға жазылу