Елорда маңындағы 34 аумақты су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңындағы 34 аумақты су басу қаупі бар

29.03.2019

Олар Ақмола және Қарағанды облыстарына қарасты жерлер. Енді табиғи апатты болдырмау үшін бірнеше қызмет түрі бірлесіп, шұғыл жұмыс істеу керек.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен жергілікті билік өкілдері тікұшақпен өзен арналары және қар қалың түскен жерлерді барлап шықты. Су қоймаларында жиналған ылғалдың мөлшері анықталып, су өткізудің мөлшері шамаланды. Сондай-ақ, ылғал мол түскен жерлердің сызбасын жасап, қауіптің алдын алу үшін жасалу керек жұмыстардың жобасын түзді.

Марғұлан Аманбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы:

- Нұр-Сұлтан қаласының шаруашылық қызметкерлері жұмысты атқарып жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу