Басты Жаңалықтар Елорда маңындағы блокбекеттерде қарбалас жоқ

Елорда маңындағы блокбекеттерде қарбалас жоқ

Елорда аумағындағы блокбекеттерде қарбалас жоқ. Қала маңындағы блок бекеттер сол қалпы сақталады. Жолаушыларға талап бұрынғыдай. Бұл туралы ішкі істер департаментінің өкілі хабарлады. Орталыққа тек азық-түлік тасымалдаушылар жасыл дәліз арқылы кедергісіз өтіп жатыр. Сондай-ақ, шаһардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекеме жұмысшылары ғана қатынай алады. Олардың тізімін Ақмола облысының әкімдері береді. Бірақ шектеуге түсіп қалған ауыл тұрғындары бөгеттердің алынуын сұрап жатқаны туралы айтылды. Нұр-Сұлтан айналасындағы барлық өткізу-бақылау бекеттері күшейтілген тәртіпте жұмысын жалғастырып жатыр. 

Бөлісу