Ресейде қазақстандық автобус апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде қазақстандық автобус апатқа ұшырады

08.11.2017

Ресейдің Алтай өңірінде қазақстандық жолаушылар автобусы апатқа ұшарады. Өскеменнен Новосібірге бет алған көлікке жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткен 2 бірдей жеңіл машина барып соқтығысқан. Оқиға орнында 4 адам қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша көз жұмғандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазір апатқа байланысты Ресейдің Алтай өңірі бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Андрей Поздняков, РФ ТЖМ Алтай өңірі бойынша бас басқармасының баспасөз хатшысы:

- Бүгін таңертең 8-ден 45 минут кеткенде Алтай өңірінің А322 тас жолының 108-ші шақырымында болған жол апаты туралы қоңырау түсті. Өскеменнен Новосібірге бет алған жолаушылар автобусы мен 2 жеңіл автокөлік соқтығысқан. Барнауылдағы автобекеттің күшімен жолаушыларды басқа көліктерге отырғызып, Новосібірге жеткіздік. Қазір Алтай өңірінде қатты жел соғып, көктайғақ болып тұр. Сондықтан, жүргізушілер жолға шыққанда абай болуы керек.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу