Басты Жаңалықтар Ертең Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында алғашқы жолдауын жариялайды

Ертең Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында алғашқы жолдауын жариялайды

Күзде бейресми саяси маусым да басталатыны белгілі. Аптада Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері бас қосқан: ұйымдастыру бағытындағы жиын екен. Олар 3 топқа бөлінген: саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар бойынша. Мазмұнына үңілетін жиындарының алғашқысы алдағы аптада өтпек.

Ал ертең - дүйсенбіде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қ.Тоқаев Президент қызметіне кіріскелі бері алғашқы жолдауын жариялайды. Саясаттанушылардың пайымын оқысақ, күн тәртбіндегі бірінші мәселе - әлеуметтік салаға, онымен тығыз байланысты экономикаға қатысты жоспарлар жарияланады. «Ұлттық қордың, зейнетақы қорының қаржысын толығымен «жеп қоймау» үшін жүйелі реформалар керектігі айқын»,- дейді олар.

Президент тамыздың онында жолдауында қамтылатын мәселелердің бірқатарын Twitter- дегі парақшасында анонстаған болатын. Мәселен, есірткі тасымалы, педофилия, сексуалды зорлық сияқты ауыр қылмыстарға берілетін жазаны күшейтуге пәрмен беретінін айтқан.

 

Бөлісу