Отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген 600 миллиард теңге тиісті адресатына жетпеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген 600 миллиард теңге тиісті адресатына жетпеген

01.09.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде Қарағандыда кеңес өткізген болатын, сонда айтқандарынан бірнеше мәлімет келтіргім келеді.

Президенттің бағалауы бойынша, экономика құрылымында түбегейлі өзгеріс байқалмайды. 10 жылдан астам уақыт бойы жалпы ішкі өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 11 пайыздың айналасында. 2015-2018 жылдар аралығында еңбек өнімділігінің өсімі жоспарланған 12 пайыздың орнына 4 пайызға ғана жеткен.

Соңғы 3 жыл ішінде экспорттың жалпы құрылымында өңдеу секторының үлесі 34 пайыздан 8 пайызға, яғни 2016-2018 жылдары 26 пайызға дейін төмендеген. Қазақстан өңдеу өнеркәсібінің 180-ге жуық тауар түрлерін экспорттайды. Бұл көрсеткіш Ресейде – 358, Беларусьте – 690, Қытайда – 1400, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша орташа көрсеткіш – 1950.

Отандық өндірушілерді қолдауға бөлінген 600 миллиард теңге бюрократиялық проблемаларға байланысты тиісті адресатына жетпеген.

«Маған баяндалғандай, 16 тамыздағы жағдай бойынша, жалпы құны 62,3 миллиард теңгені құрайтын 148 жоба ғана мақұлданған», – деген Президент.

Қ.Тоқаев мемлекет реттейтін сатып алуларды сынға алған. Оның жыл сайынғы көлемі 10 триллион теңгеден асады. «Ал Қазақстанның үлесі 34 пайызды құрап отыр. Бұл дұрыс емес. Біз оның үлесін әлдеқайда арттыра аламыз», – деген.

Бұл комментарийді қажет етпейтін деректер. Сандары соншалықты түсінікті мәлімет.

Хабарламаларға жазылу