ОСК Президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 46 байқаушысын тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК Президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 46 байқаушысын тіркеді

03.06.2019

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 46 байқаушысын тіркеу туралы қаулы қабылдады. Қатарында ТМД бойынша 11, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы миссиясынан 2 адам бар. 

Зәуреш Баймолдина, ҚР ОСК мүшесі:

Сонымен қатар 7 шет мемлекеттен - Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Палестина, Ресей Федерациясы, АҚШ, Грузиядан 33 байқаушы ұсынылып отыр. Олардың ішінде Үндістан мен Ресей Федерациясы орталық сайлау органдарының өкілдері бар екенін атап көрсеткен жөн. 46 байқаушының барлығы отырыста аккредиттеуге шығарылып отыр.

Хабарламаларға жазылу