ОСК Рашид Түсіпбековты Сенат, Қанат Саудабаевты Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК Рашид Түсіпбековты Сенат, Қанат Саудабаевты Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді

27.08.2015
ОСК Рашид Түсіпбековты Сенат, Қанат Саудабаевты Мәжіліс депутаты ретінде   тіркеді

2015 жылғы 26 тамызда «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 26 тамыздағы Жарлығына сәйкес,  Орталық сайлау комиссиясы Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеді.


Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 12-, 45-, 46-баптарына, 97-1 бабының 5-, 6-тармақтарына және 98-бабына сәйкес, ОСК «Нұр Отан» Патиясының жетекші органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандатын «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа беру туралы қаулы қабылдады, делінген Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде.


 

Хабарламаларға жазылу