Шавкат Мирзиеев Өзбекстан халқы алдында ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан халқы алдында ант берді

14.12.2016
Шавкат Мирзиеев Өзбекстан халқы алдында ант берді

Бүгін Ташкентте Өзбекстан Республикасы Президентінің салтанатты түрде лауазымына кірісуіне арналған Олий Мажлис палаталарының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға Өзбекстан үкіметінің мүшелері, министрліктер мен ведомстволар, Орталық сайлау комиссиясының  басшылары, шетел мемлекеттері елшіліктерінің, халықаралық ұйымдар, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Бірлескен отырысты ӨР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы М.Абдусаломов ашты.

ОСК төрағасы жиналғандар мен елдің барлық сайлаушылары атынан Шавкат  Мирзиеевті Өзбекстан Президенті болып сайлануымен құттықтап, Президент куәлігі мен ОСК куәлігін табыс етті.

Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Республикасы Конституциясының 92-бабына сәйкес республика халқы алдында ант берді.

Inform.kz

Хабарламаларға жазылу