Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жаңа басшысы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жаңа басшысы болып тағайындалды

27.02.2017
Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының жаңа басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасының шешімімен Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды аталған қордың баспасөз қызметі.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін аяқтаған.

Абай Сарқұловтың қаржы саласында 13 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Бәйтерек» холдингі компаниясының тобында 2008 жылдан қызмет етуде. Еңбек жолын инфрақұрылымдық жобаларға кредит беруді басқару менеджерінен бастаған ол соңғы уақытта «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

«Бәйтерек» холдингісінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның миссиясы -  қаржы институттарының ауқымды спекторын және бизнесті дамыту бағдарламаларын қамтитын кешенді қолдау арқылы Қазақстанның шағын және орта бизнесін сапалы дамытуға ықпал ету.


 

Хабарламаларға жазылу