Алматыдағы халықаралық байқаушылар сайлау туралы пікірлерін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы халықаралық байқаушылар сайлау туралы пікірлерін айтты

09.06.2019

АҚШ, Белорусь және Ресей мемлекеттерінен келген байқаушылардың сөзінше, дауыс беру кезінде ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ.

Олар бүгін 40-тан аса учаскені аралап, сайлаушылармен тілдескен. Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Жасы да, жасамысы да белсенді. Халықтың 100 пайызы қатысуы мүмкін емес. Алайда, басым бөлігі атсалысты, дейді байқаушылар. Сонымен қатар, тәуелсіз байқаушылардың да көп екендігін әрі олар әділ әрі ашық жұмыс істегендігін айтты. Ал, бүгінгі саяси дода республика бойынша 1000-нан астам халықаралық байқаушының назарында болды.Олардың жартысынан көбі ТМД елдерінен келген.

Ричард Вейтс, халықаралық байқаушы, АҚШ:

Мен ешқандай құқық бұзушылықты кездестірмедім. Керісінше, халықтың белсенділігін байқадым. Тіпті, дауыс берушілердің кезекте тұрғанын көріп таң қалдым. Жалпы менің көңілім толды.

Евгений Адаменко, халықаралық сайлаушы, Беларусь Республикасы:

Сайлаушылар ең бастысы елінің болашағына алаңдайтындығын байқадық. Халық өте белсенді. Соған куә болғаныма қуаныштымын. Қазақ халқына жақсылық тілеймін.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу