Малайзиядағы қазақстандақтар дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзиядағы қазақстандақтар дауыс беріп жатыр

09.06.2019

Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлауына шетелде жүрген азаматтарымыз да белсенді қатысуда. Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, дауыс беру талаптарына сай келетін ел сыртында жүрген 13 мыңнан астам жерлесіміз бар. Сондықтан әлемнің 51 елінде 65 сайлау учаскесі құрылған. Солардың бірі — Малайзия елінде ашылған №259 сайлау учаскесі.

Аталған мемлекеттегі елшілік мұндағы Қазақстан азаматтарының дауыс беруіне барлық жағдайды жасап қойған. Таңертеннен бастап жерлестеріміз елшілікке келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Малайзиядағы отандастарымыз «Сайлау туралы» заңның 42-ші бабына сәйкес дауыс беруде. Мұндағы сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, сайлау бюллетеньдері тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы азаматтары паспортын, дипломатиялық төлқұжатын және қызметтік немесе жеке бас куәлігін көрсету арқылы өз дауысын бере алады.

Шынар Қайыпбекова, студент:

- Шетелде жүрсек те, еліміздің болашағы үшін алаңдаймыз. Сондықтан да бүгін Малайзияда Қазақстан елшілігіне келіп, өз дауысымызды беруді құп көрдік. Бүгінгі сайлау әділ өтіп, Қазақстанның әрі қарай дамуы жалғасады деген ойдамын.

Ержан ҚАЛЫМБАЙ

Хабарламаларға жазылу