Еxit poll: Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еxit poll: Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады

10.06.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс өткен президент сайлауында Exit poll нәтижесі бойынша жеңіске жетті. Халықтың 70,13 пайыз қолдауын иеленген үміткердің жақтастары «Nut Otan» партиясының орталық аппаратында бас қосып, тарихи жеңістерін атап өтті.

Айта кетейік, науқан қорытындысы бойынша, ресми мәлімет алдағы күндері жарияланады. Әзірге сайлаушылар арасында, жасырын сауалнама жүргізген ұйым деректері белгілі. Соған сәйкес, жетекші партия атынан ұсынылған үміткер оқ бойы озық шыққан. Яғни, партияластардың сенімі ақталып, үгіт-насихат жұмыстары толымды нәтиже беріп отыр.

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

Хабарламаларға жазылу