Зарина Диас Сингапурде өтетін WTA Rising Stars турниріне жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас Сингапурде өтетін WTA Rising Stars турниріне жолдама алды

08.10.2014
Зарина Диас Сингапурде өтетін WTA Rising Stars турниріне жолдама алды

Сингапурде өтетін WTA Rising Stars турниріне жолдама алған теннисшілер анықталды. Жанкүйерлер арасында жүргізілген шарада әлемнің 140 елінен 700 мыңға жуық дауыс берілді.

Мұның нәтижесінде Сингапурде өтетін WTA қорытынды турнирінің аясындағы көрсетілімді ойынға төрт теннисші жолдама алды.

Бес аптаға созылған дауыс беру қорытындысы бойынша Азия – Тынық мұхиты аймағынынан қазақстандық Зарина Диас (15,74 пайыз) пен қытайлық Чжэн Сайсай (17,72 пайыз) озық шықты.

Ал, әлемнің қалған бөлігінің атынан ең көп дауысты Пуэрто-Рика теннисшісі Моника Пуч (20,65 пайыз) пен АҚШ өкілі Шелби Роджерс (16,47 пайыз) жинады.

Жалпы есеп бойынша әлемнің 140 еліндегі 346 091 жанкүйерден 692 182 дауыс тіркелген.

Айта кетейік, бұл жобада тағы бір қазақстандық үміткер Юлия Путинцева 6,13 пайыз дауыс жинап, Азия – Тынық мұхиты аймағында екінші орыннан көрінді.

Фото: wtafinals.com

Хабарламаларға жазылу