Сочи Олимпиадасының ең үздік спортшылары
Ерлер арасында Олимпиаданың ең үздік спортшысы болып, 28 пайыз дауыс жинаған норвегиялық биатлоншы - Уле-Эйнар Бьорндален танылды. Ол Сочи Олимпиадасында екі рет алтын жүлденің иегері атанды.
Екінші орынға 27 пайыз дауыс жинаған ресейлік шорт-трекші Виктор Ан жайғасты. Ол үш алтын мен бір қола медаль иесі. Үшінші орынды Олимпиаданы екі алтын, бір күміс жүлдемен тәмамдаған франциялық Мартен Фуркад алды. Ол 12 пайыз дауыс жинады.
Әйелдер арасында 45 пайыз дауыс жинаған беларустық Дарья Домрачева ең үздік деп танылды. Оның қоржынында Сочи Олимпиадасының үш алтын медалі бар.
Екінші орында екі алтын жүлде ұтып алған словениялық тау шаңғышысы Тина Мазе 21 пайыз дауыс жинады. Үшінші орынның иегері норвегиялық шаңғышы қыз - Марит Бьорген 7 пайыз дауыс жинады. Ол Қысқы Олимпиаданың үш алтынын жеңіп алды.
Конькимен жүгірушілер арасында командалық сында топ жарған Голландия конкишілері ең үздік құрама болып танылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Соңғы 2 жылда ана өлімі 35 пайызға азайды
13.03.2026, 20:55
Биыл 2 300 шақырым жергілікті жол қайта жаңғыртылады
13.03.2026, 20:53
Су қоймаларының құрылысы келесі жылы аяқталады
13.03.2026, 20:51
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
13.03.2026, 20:49
Өңірде 4000-нан аса ерікті еңбек етеді
13.03.2026, 20:47
Еліміздің 5 өңірінде су тасқыны қаупі бар
13.03.2026, 20:39
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
13.03.2026, 20:15
Қазақстандағы дауыс берушілердің орташа жасы – 29 жас
13.03.2026, 20:14