Заңгерлер әділ сайлау үшін қоғамдық бірлестігі бүгін екі ай жүргізген жұмысының алдын ала қорытындысын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңгерлер әділ сайлау үшін қоғамдық бірлестігі бүгін екі ай жүргізген жұмысының алдын ала қорытындысын жариялады

10.06.2019

Бұл бірлестік саяси науқан жарияланған күннен бастап халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңес берді. Осы аралықта сайлаушылар тарапынан мыңнан аса сұрақ түскен. Мамандарға қойылған сауалдың дені - кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен сайлаушылардың құқы турасында болған. Сайлау кезінде техникалық ақауларға байланысты кей азаматтар өздерін тізімнен таппай қалып, дауыс беруге кедергі келтірген жайттар да тіркелді. Мұндай кезде заңгерлер бұл азаматтарға конституциялық құқығын жүзеге асыруға көмектесті. Айта кетейін, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі сайлау алдындағы процесте заңды іс-қимылдардың мониторингі үшін арнайы құрылған болатын.

Заңгерлер әділ сайлау үшін қоғамдық бірлестігі бүгін екі ай жүргізген жұмысының алдын-ала қортындысын жариялады. Бұл бірлестік саяси науқан жарияланғаннан күннен бастап халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықтық кеңес берді. Осы аралықта сайлаушылар тарапынан мыңнан аса сұрақ түскен. Мамандарға қойылған сұрақтың дені кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарымен сайлаушылардың құқы турасында болған. Сайлау кезінде техникалық ақауларға байланысты кей азаматтар өздерін тізімнен таппай қалып, дауыс беруге кедергі келтірген жайттар да тіркелді. Мұндай кезде заңгерлер бұл азаматтарға конституциялық құқығын жүзеге асыруға көмектесті.

Айта кетейік, «Заңгерлер әділ сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі сайлау алдындағы процесте заңды іс-қимылдардың мониторингі үшін арнайы құрылған болатын.

Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер Одағы» РҚБ төрағасы:

Кейбір азаматтар өз құығын білмейді. Онда тұрған не бар деп дауыс беретін жерге бала-шағасымен, бауырларымен кіріп жатады. Бұл да заң бұзушылық болып есептеледі.

Айнұр ОМАР

 

Хабарламаларға жазылу