Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда өткен сайлауға баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда өткен сайлауға баға берді

14.06.2019

Бұл туралы Сайлау – 2019: азамат және сайлау құқығы тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында мәлім болды. Шет елдік мамандар жақсы пікір айтқан. Комиссия мүшелері мен бірнеше бюллетень салған деректерге қатысты сын ескертпелері де бар.

Жиынға қатысқан заңгерлер жағдай толық зерттелгенін және осы тәжірибеге сүйене отырып, сайлау ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілуі керек екендігін айтты.

Марат Сәрсембаев, заң ғылымдарының докторы:

Жалпы айтқанда заңымыз дұрыс сияқты болып көрінеді. Бірақ кейбір баптар бар, кейбір тармақтар бар. Оларды кішкене сәл болса да өзгерту керек. Әсіресе, процедура туралы. Соны кішкене дұрыстап, арыздар түсіру, арыздарды қарау деген. Солардың бәрін қалай дұрыстау деген сондай сондай мәселелер бар.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу