Елімізде 7 жолға ақылы жүйе енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 7 жолға ақылы жүйе енгізілді

24.11.2021

Қазақстанда тағы 7 жол ақылы болды. Олар - 4 жолақты қозғалысы бар бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автожолдар. Бұл туралы Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы айтты. Төлеген Абдуллиннің сөзінше, ақылы жүйе «Нұр – Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау» учаскелеріне енгізілген. Ал жолда жүру тарифтері өзгеріссіз қалады. Яғни, 2013 жылы бекітілген баға болады. Десе де кей аудан тұрғындары ақылы жолдарда жеңілдікпен жүре алады. 2025 жылға қарай ақылы жүйені автожолдардың тағы 11 мың шақырымына енгізу жоспарланып отыр.

Төлеген Абдуллин, ҚР ИИДМ автомобиль жолдары комитетінің төрағасы:

Ақылы жолдарды енгізу – әлемдік тәжірибеге сай дұрыс шешім. Себебі біз сияқты жер көлемі үлкен елде тек бюджет есебінен жол салу мүмкін емес. Оның үстіне Қазақстан жүк тасымалынан пайда табуы керек. Осыған байланысты «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында биылғы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым болатын учаскелерде жол жүру үшін ақы алудың ашық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу көзделген.


Хабарламаларға жазылу