Ақмола облысында киікті қорғаған екі инспекторға браконьерлер оқ атты. Олардың біреуі ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тағы парақшасында жазды.
«23 шілдеде шамамен сағат 11:00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Қазіргі уақытта инспекторлар Державинск қаласының аудандық ауруханасына тасымалдануда, сол жаққа санитарлық авиация шақырылған.