Қорғалжында сирек кездесетін шаяндардың уылдырығы тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғалжында сирек кездесетін шаяндардың уылдырығы тәркіленді

13.10.2014
Қорғалжында сирек кездесетін шаяндардың уылдырығы тәркіленді

Ақмола облысы Қорғалжын ауданында ірі көлемде сирек кездесетін артемии шаяндарының уылдырығын тиеп алған браконьерлер ұсталды. Құқық қорғау органдары мен «Қорғалжын аудандық мемлекеттік табиғи қорығы» қызметкерлері бірлесе жүргізген рейд барысында Теңіз көлінің батыс жағында жол талғамайтын 5 автокөлік тоқтатылады.

Көліктерді тінту кезінде жүксалғыштардан 20 қап артемии  уылдырықтары табылды. Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша браконьерлер тәркіленген заттарды Қытайға сатпақшы болған. Ол шығыс медицинасының косметология саласында пайдалананатын көрінеді. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ерболат  ТӨЛЕГЕНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу