Биыл 158 түлек «Жас ұлан» мектебін бітірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 158 түлек «Жас ұлан» мектебін бітірді

23.06.2017

Генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебін биыл 158 түлек тәмәмдады. Әскери тәртіп пен күшейтілген дене дайындығынан өткен жас сарбаздар оқу барысында мемлекеттік және шет тілді де жақсы меңгерген. Салтанатты мектеп бітіру кешіне Қорғаныс министрінің орынбасары, Қарулы күштердің Бас штаб басшысының бірінші орынбасары сынды мәртебелі қонақтар қатысты.

Жалпы, «Жас ұлан» мектебінде 400-ден астам оқушы білім алады. Олардың арасында 14 ұлт пен ұлыстың өкілдері бар. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу