«Жас Ұлан» республикалық мектебіне биыл жеткіншектер жаңа қағидалар бойынша қабылданады
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебі биылғы жылы тәрбиеленушілерді қабылдауды жаңа ережелер бойынша жүзеге асырады.
Енді әскери мектепке жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбын бітірген және негізгі орта білімі туралы куәлік алған жеткіншектер оқуға түсе алады.
«Жас Ұлан» мектебіне түсу үшін жасөспірімдерге кәсіби-психологиялық іріктеуден, дене даярлығы тексерісі мен медициналық куәландырылудан өту қажет.
Мұнда үш кезең мен негізгі орта білімі туралы куәліктің орташа ұпайы нәтижелеріне сәйкес, қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Соңғы кезең - байқау іріктеуі 10 тамызда Астанада өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституцияда теңге ұлттық валюта ретінде бекітіледі
07.02.2026, 20:37
Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
07.02.2026, 20:08
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады
07.02.2026, 20:07
Н.Нәлібаев: Конституцияның жаңа жобасындағы экологиялық нормалардың маңызы зор
07.02.2026, 20:07
Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
07.02.2026, 20:06
XXV қысқы Олимпиада ойындары басталды
07.02.2026, 20:06
Д.Трамп Иранмен сауда жасайтын елдердің тауарларына тарифті көтермек
07.02.2026, 20:05
Мароккода тасқын қаупіне байланысты 143 мың адам эвакуацияланды
07.02.2026, 20:04