Сарбаздар тарихи фильмдерді тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарбаздар тарихи фильмдерді тамашалады

23.12.2015
Сарбаздар тарихи фильмдерді тамашалады
 Сарбаздар тарихи фильмдерді тамашалады

Астанадағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде сарбаздар мен жасөсіпірімдерге «Аманат» және «Құнанбай» фильмдері көрсетілді. Шараға Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» мектебінің оқушылары, 68665 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Ұзын саны 300 ден астам адам.

 Сарбаздар тарихи фильмдерді тамашалады
 Сарбаздар тарихи фильмдерді тамашалады
Болашақ сарбаздар мен Отан алдындағы борышын қазір өтеп жүрген жауынгерлерге алдымен Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі көрсетілді. Ұлт тарихындағы ақтаңдақтарды түгендеуге өмірін арнап, Кенесары Қасымұлының өмірі мен ерлігін зерттеген ғалым туралы фильм сарбаздардың көңілінен шықты. Жауынгерлермен режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың өзі өз кездесіп, «Аманат» фильмінің мақсат-мұраты туралы айтып берді.

Сонымен қатар, жауынгерлер «Құнанбай» фильмін де тамашалады. Сценариін жазушы Таласбек Әсемқұлов жазған фильмді Досхан Жолжақсынов түсірген болатын. Ол фильмнің режиссері ғана емес, басты рөлді де ойнаған. Бұл фильм де жас сарбаздардың көңілінен шықты. Шараны ұйымдастырушылар тарихи фильмдер жас жауынгерлердің рухын көтеріп, отансүйгіштікке баулитындығына сенім білдірді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу