Сократтың отанында Абай шығармалары оқылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сократтың отанында Абай шығармалары оқылды

29.08.2019

Ұлы хәкімнің мерейтойы қарсаңында Афина қаласында «Абай – Ұлы даланың ақыны» атты әдеби кеш өтті. Бұл шараның Грекияда, философтар елінде өтуі де үлкен символикалық мәнге ие. Абайдың шығармашылығынан ежелгі ойшылдардың үлкен әсері сезіледі. Тіпті 27 қара сөзі «Сократ хәкімнің сөзі» деп аталады. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Кәрі құрлық тұрғындарына оның еңбектерінің шағын көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана іс-шараны ұйымдастыруға қолғабыс еткен жергілікті кітапханаға 1909 жылы Абай туралы шыққан тұңғыш кітаптың көшірмесін тарту етті.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


 

Хабарламаларға жазылу