Мәскеуде қазақтың лирикалық поэзия кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде қазақтың лирикалық поэзия кеші өтті

18.09.2014
Мәскеуде қазақтың лирикалық поэзия кеші өтті

Ресейдегі Қазақстанның Елшілігі «XX-XXI ғасырлардағы қазақтың лирикалық поэзиясы» атты музыкалық-поэтикалық кеш өткізді.

Мәскеудегі орталық Әдебиетшілер үйінде өткен кездесуде ұлтымыздың арғы-бергі тарихында өзіндік орны бар ақиық ақындардың өлеңдері оқылды.

Кеште кешегі Абай, Мағжан, Мұқағали, Тұманбай жырларынан  бастап, бүгінгі Ұлықбек Есдәулетке дейінгі танымал ақындардың туындылары оқылды.  

Қазақ поэзиясын сағынған жергілікті ағайын екі сағат бойы тапжылмай отырып жыр тыңдады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу